Понедельник | 25.11.2024 | 01:38
Методсовет
методический портал учителя
Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Форма входа

Категории раздела
Личный дневник
Портфолио

Поделиться

Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Наша кнопка

Методсовет


 Дневник 
Главная » 2019 » Январь » 18 » Ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы:«Ғажайып қыс"
08:35
Ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы:«Ғажайып қыс"
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Қазақ тілі»
Тақырыбы: «Ғажайып қыс»
Мақсаты: қыс мезгілі туралы әңгімелей білуге үйрету.
Міндеттері:
БМ: балаларды қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып, оларды қазақ тілінде атауға үйрету. Аманжолованың «Қыс» өлеңін жаттату.
ДМ: тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайту.
ТМ: табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: қыс мезгілі бейнеленген суреттер.
Сөздік жұмыс: күн қысқарды, түн ұзарды, шаңғы, шана.
Көптілділік компонент: қар-снег -snow, аққала -снеговик- snowman.

Қызметтің кезеңдері Педагогтың іс - әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық –қозғаушышылық Балаларды щеңберге тұрғызып, бір-бірімен амандасуды ұсынады. Балалар щеңберге тұрып, бір-бірімен амандасады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік -Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
-Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
-Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

-Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
-Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
-Жарайсыңдар балалар Балалар терезеге қарап, далаға көз салыңдаршы. Енді мына суреттерге қараңдар. Жылдың қай мезгілі бейнеленген?
-Балалар, қыста біз шаңғы тебеміз. Балалар шанамен сырғанайды. Қардан аққала жасады.Адамдар коньки тебеді. Қыста түн ұзарады, күн қысқарады.
Жаңа сөздерді балаларға қайталатып, төл дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалайды. Қостілділік компонент: қар-снег -snow, аққала -снеговик- snowman.
Сергіту сәтін ұйымдастырады.
Аппақ, аппақ қар жауды,
Ұмытайық жаурауды.
Қолдарыңды беріңдер,
Секірейік келіңдер.
Н.Аманжолованың «Қыс» өлеңін жаттатады.
Аппақ күміс бар әлем, Зымыраймыз шанамен,
Тоғайлар тон киеді.
Аяз беттен сүйеді.
Жиналып ап бар бала,
Тұрғызамыз қар қала.
«Жыл мезгілі» ойынын ұйымдастарады.
Мұғалім балаларға жыл мезгілдеріне байланысты ерекшеліктерді атайды.
-Қар жауады.

-Жапырақтар түседі.

-Күн ыстық болады.

-Қар ериді.
«Қыс мезгілі» ойынын ұйымдастырады.
Қыс мезгілі бейнеленген суреттердің шетіндегі бос шаршыларға қыс мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген суреттерді қойып қазақ тілінде атауды ұсынады.
Мұғалімді тыңдайды.

-Қыс мезгілі.
-Қар жауады. Күн суық болады. Аяз болып, боран соғады.т.б.
Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді.
Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады.
Алақай, деп қолдарын көтереді.

-Қыс мезгілі.

Балалар жаңа сөздерді қайталап, төл дыбыстарды дұрыс айтуға тырысады.

Сөздерді үш тілде қайталап, естеріне сақтайды.

Сергіту сәтінің мазмұнына сай қимылдар жасайды.

Балалар қай жыл мезгіл екенін тауып, атайды.

Мұғалімді мұқият тыңдап,жыл мезгілдеріне сай пішіндерді көрсетеді.
Ақ түсті үшбұрышты көрсетеді.
Сары түсті төртбұрышты көрсетеді.
Қызыл түсті шеңберді көрсетеді.
Жасыл түсті сопақты көрсетеді.

Қыс мезгілі бейнеленген суреттердің шетіндегі бос шаршыларға қыс мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген суреттерді қойып қазақ тілінде атайды.
-Қыста қар жауады.
-Шанамен сырғанаймыз.
-Аққала жасаймыз.

Рефлексиялық – түзетушілік
-Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
-Қыста не жауады?
-Қыста ауа райы қандай болады?
-Қыста қардан не жасаймыз? - Қыс мезгілі.

- Қар жауады.
-Күн суық, аяз болады.т.б.
-Аққала жасаймыз?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қыс айларының, қысқы табиғат құбылысының қазақша атауларын.
Игереді: қыс мезгілінің ерекшіліктері туралы түсінікті.
Меңгереді: жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне қарай айыра білуді.
Просмотров: 1366 | Добавил: mikoshakerova | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Мы "ВКонтакте"

Поиск

Наши планы
Приглашаем Вас ознакомиться
с планами нашего портала

Афоризм дня
К сожалению, не всегда удается поступать так, как считаешь правильным, не причинив боли другому.
/У. Моэм/


Реклама

Рейтинг@Mail.ru
"Методсовет" © 2010 - 2024
My-shop.ru - Магазин учебной и деловой литературы