Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Қазақ тілі»
Тақырыбы: «Ғажайып қыс»
Мақсаты: қыс мезгілі туралы әңгімелей білуге үйрету.
Міндеттері:
БМ: балаларды қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып, оларды қазақ тілінде атауға үйрету. Аманжолованың «Қыс» өлеңін жаттату.
ДМ: тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайту.
ТМ: табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: қыс мезгілі бейнеленген суреттер.
Сөздік жұмыс: күн қысқарды, түн ұзарды, шаңғы, шана.
Көптілділік компонент: қар-снег -snow, аққала -снеговик- snowman.
Қызметтің кезеңдері Педагогтың іс - әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық –қозғаушышылық Балаларды щеңберге тұрғызып, бір-бірімен амандасуды ұсынады. Балалар щеңберге тұрып, бір-бірімен амандасады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік -Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
-Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
-Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
-Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
-Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
-Жарайсыңдар балалар Балалар терезеге қарап, далаға көз салыңдаршы. Енді мына суреттерге қараңдар. Жылдың қай мезгілі бейнеленген?
-Балалар, қыста біз шаңғы тебеміз. Балалар шанамен сырғанайды. Қардан аққала
...
Читать дальше »