Пятница | 20.12.2024 | 04:52
Методсовет
методический портал учителя
Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Форма входа

Категории раздела
Личный дневник
Портфолио

Поделиться

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Наша кнопка

Методсовет


 Дневник 
Главная » 2015 » Февраль » 7 » Информатика. Ақпарат
06:56
Информатика. Ақпарат
Сабақтың тақырыбы:Информатика. Ақпарат
Сабақтың мақсаты:оқушыларды ақпарат , информатика ұғымы, түрі және қасиеттерімен таныстыру.
Оқушылар білуі тиіс: информатика пәні нені оқытады, ақпарат ұғымын , ақпарат түрлерін. Ақпарат алу көзі, қабылдау және беру ортасын, ақпараттың қасиеттері мен оның формаларын.
Оқушылар үйренуі тиіс: информатика ұғымдарына , ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді.
Сабақтың барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі
2 Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
3 Білімді өзектендіру
Сұрақтар:
1 Информатика дегеніміз не?
2 Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар?
3 Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсіндіресіңдер?
4 Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыңдар?
5 Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?
Осы сұрақтар арқылы мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатын тұжырымдауға жетелейді.
4 Жаңа сабақты оқып-үйрену
Мұғалім «информатика» және «ақпарат»ұғымын енгізеді.
Ақпараттың түрлері;
Мұғалім оқушыларға ақпарат алу (қабылдау)көздерін атап шығуды сұрайды. Ақпарат
арналарын жетік меңгеру үшін мұғалім оқушыларға тест тапсырмасын береді.
Оқулықтың 1-қосымшасы.
Мұғалім; Ақпарат қалай ұсынылады? Өмірде және компьютерлік программаларда
ақпараттың қандай түрлері кездеседі ?
Ақпарат түрлері ұсыну тәсіліне қарай тұжырымдалады.
Ақпараттың қасиеттері;
Мұғалім алдымен көз жанарын алдауға бірнеше суреттер ұсынады.
Мысалы; (1,2,3-суреттер)
Оқушылар осыдан кейін әр ақпарат шынайы (объективті) болмайтындығы туралы
қорытынды жасайды. Шынайылық-ақпараттың негізгі қасиеттерінің бірі.
Оқулықта оқушылар үшін ақпараттың барлық қасиеті берілмеген, өйткені олардың
көбісі осы жастағылар үшін күрделі. Сабақта интуиция арқылы ақпараттың келесі
қасиеттерін беруге болады;
1. Өзектілік (ақпараттың өз уақытында берілуіне байланысты).
2. Толықтық (ақпараттың көлеміне байланысты).
3. Объективтік (адам факторына байланысты).
4. Жеткіліктілік (қойылған талаптарға байланысты).
5. Адекваттылық (шындыққа сәйкестігі).
6. Қолжетімділік (қазіргі кезде қажетті ақпаратқа қол жеткізе аламыз ба?).
5. Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабақта нені білдік?
Информатика дегеніміз-.....
Ақпарат дегеніміз-.....
Ақпаратты қабылдау қабылдау түрлері -....
Ақпаратты ұсыну түрлері -...
Ақпараттың қасиеттері-....
6 Үй тапсырмасы
Просмотров: 1418 | Добавил: dico | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Мы "ВКонтакте"

Поиск

Наши планы
Приглашаем Вас ознакомиться
с планами нашего портала

Афоризм дня
Прошедшего не существует, пока будут существовать книги.
/Э.Бульвер-Литтон/


Реклама

Рейтинг@Mail.ru
"Методсовет" © 2010 - 2024
My-shop.ru - Магазин учебной и деловой литературы