2- тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар. Мазмұнын ұғып, әңгімелеңдер. Білім керек бәріне...
Корабльді басқарып, Көк жүзіне самғасам, Тауды бұзып,тас жарып, Мұхиттарды жалғасам. (Ф.Оңғарсынова) 3-тапсырма. Өлең мәтінінен қазақ тіліне тән дыбыстарды (ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,һ,і ) бар сөздерді теріп жазыңдар. Үлгі : көк, ... 4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Өз сөздеріңмен әңгімелеп айтыңдар. Кітап Мені халық сүйеді, құрметтейді.Мен де адамды жақсы көремін. Мен адамға бақытты өмір сүруді үйретемін. Балаларды білімді, өнерлі болуға баулимын. Ойланыңдаршы, балалар! Мен сонда кіммін? Мен-адамның досымын. Менің атым – кітап. Мен сенің қолында тұрмын. Мені жыртпай, күтіп, таза ұста! Мен - сенің сенімді досыңмын. (Ө.Тұрманжанов)
құрметтейді – уважает жақсы көремін –люблю үйретемін –учу сенімді – верный, надежный 5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. 1.Кітапты халық қалай сүйіп құрметтейді ? 2. Кітап адамға нені үйретеді? 3. Адамның досы не? 4. Кітапты қалай күтіп ұстау керек? 5. Өздерің кітапты қалай күтіп ұстайсыңдар? Кітап жинауды жақсы көресіңдер ме? 6.Өздерің жазғы демалыста қандай кітап оқыдыңдар? Фонетика
Дыбыс Фонетика
Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар. Дауысты дыбыстардың саны-15. Дауыссыз дыбыстар – 25.Екі әріп-жіңішкелік белгісі (ь) мен айыру белгісі (ъ). Бұлар дыбыстарға жатпайды. Қазақ тіліне тән 9 дыбыс дауыстылар дауыссыздар жуан жіңішке ұ ү,і,ө,ә ұяң үнді қатаң ғ ң қ,һ
6-тапсырма. Жұмбақтың шешуін табыңдар. Жұмбақтан дыбысталуы ерекше дыбыстары бар сөздерді теріп жазыңдар. Үлгі: қабат-қабат
Жұмбақ Қабат-қабат қатталған, Асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін. Бұл не? (К...п)
7-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орыңдаңдар. ІІІ деңгей Дана адамдардың кітап жөнінде айтқан сөздерін оқып, кітап сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар. 1.Кітап дегеніміз біздің заманымыздың өмірі. (В.Белинский) 2.Жақсы кітап оқу ақылды адаммен сырласқанмен бірдей. (Л.Толстой) 3.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме. (Д.Вильсон) ІІ деңгей Сөйлемдерді қазақшаға аударыңдар. День знаний –замечательный день.Это – незабываемый праздник. Поэтому здравствуй, День знаний! Звени веселей, школьный звонок. І деңгей «Барлық білім кітапта» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.