Тақырыбы: «Киімдер»
2 сыныпта сабағы.
Мұғалім: Соколова А.В.
№ 2 Ақкөл орта мектебі
Ақкөл қаласы
Ақмола облысы
Сабақтың мақсаты:
1. «Киімдер», «Түстер» тақырыптарын қайталау, лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс қолдана, айта білу.
2. Ауызекі сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
3. Қазақ тілін қастерлеруге тәрбиелеу, ұқыпты болуға баулу.
Сабақтың барысы:
1. Сәлем бердім досыма
Кел менің құшағыма
Қалың қалай? Жақсы ма?
Жақсы болса? Жасырма!
Сәлеметсіңдер ме балалар, ұстаздар, қоңақтар,әріптестер. Отырыңдар балалар.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін, ребусты шешуіміз керек.
- Бұл не?
- Бұл көз.
- Соңғы екі әріпті алып тастаймыз. Қандай әріп қалды?
- «И»- әріп
- Бұл не?
- Бұл тіс.
- Бірінші және соңғы әріптерді алып тастаймыз.
- Бұл не?
- Бұл алма.
- Алдынғы екі әріпті және соңғы әріптерді алып тастаймыз. Түсінікті ме?
- Бүгін сабақта біз «Киімдер» тақырыпты қайталаймыз.
- Балалар, тақтаға қараңдар? Ал мынау не?
(тақтада үш категория бар) бір оқушы тақтаға шығады.
- Сөздерді тиісті категорияларға орнатыңдар.
- Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Ауа райы қандай?
2. Қар қандай түсті?
3. Саған қандай киім ұнайды? Маған көйлек ұнайды.
4. Мектепке сен не киесің? Мен мектепке көйлек, шалбар киемін.
...
Читать дальше »