Пятница | 22.11.2024 | 17:13
Методсовет
методический портал учителя
Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Форма входа

Категории раздела
Личный дневник
Портфолио

Поделиться

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Наша кнопка

Методсовет


 Дневник 
Главная » 2014 » Июнь » 22 » Урок по казахскому языку во 2 классе "Киімдер"
18:33
Урок по казахскому языку во 2 классе "Киімдер"
Тақырыбы: «Киімдер»
2 сыныпта сабағы.
Мұғалім: Соколова А.В.
№ 2 Ақкөл орта мектебі
Ақкөл қаласы
Ақмола облысы
Сабақтың мақсаты:
1. «Киімдер», «Түстер» тақырыптарын қайталау, лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс қолдана, айта білу.
2. Ауызекі сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
3. Қазақ тілін қастерлеруге тәрбиелеу, ұқыпты болуға баулу.
Сабақтың барысы:
1. Сәлем бердім досыма
Кел менің құшағыма
Қалың қалай? Жақсы ма?
Жақсы болса? Жасырма!
Сәлеметсіңдер ме балалар, ұстаздар, қоңақтар,әріптестер. Отырыңдар балалар.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін, ребусты шешуіміз керек.
- Бұл не?
- Бұл көз.
- Соңғы екі әріпті алып тастаймыз. Қандай әріп қалды?
- «И»- әріп
- Бұл не?
- Бұл тіс.
- Бірінші және соңғы әріптерді алып тастаймыз.
- Бұл не?
- Бұл алма.
- Алдынғы екі әріпті және соңғы әріптерді алып тастаймыз. Түсінікті ме?
- Бүгін сабақта біз «Киімдер» тақырыпты қайталаймыз.
- Балалар, тақтаға қараңдар? Ал мынау не?
(тақтада үш категория бар) бір оқушы тақтаға шығады.
- Сөздерді тиісті категорияларға орнатыңдар.
- Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Ауа райы қандай?
2. Қар қандай түсті?
3. Саған қандай киім ұнайды? Маған көйлек ұнайды.
4. Мектепке сен не киесің? Мен мектепке көйлек, шалбар киемін.
5. Күн суық саған қандай киім керек? Маған күн суық болса жылы киім керек.
6. Саған джинсы ұнай ма? Иә, маған джинсы ұнайды.
- Балалар кәне, тақтадағы тапсырманы тексереміз.
Қараңдар, дұрыс па?
Иә, дұрыс. Жоқ бұл түс, киім емес.
3. – Балалар, киім түрлерін қайталайық!
- Мынау не?
- Бұл шалбар. Қайталаңдар.
- Сендерде карточкалар бар. Сөздің басы мен соңын табыңдар. Бір түспен бояймыз.
көй құлақ шал күр
шын бар лек ғап
жей те қол де
4. Балалар тақтаға қараңдар, сұрақтарға жауап беріңдер.
- Бұл қай жыл мезгілі?
- Бұл қыс.
- Қыста сендер не киесіңдер?
- Қыста мен құлақшын, тон, етік, шалбар күрте киемін.
- Сеңдер қандай қысқы киім білесіңдер?
- Құлақшын, етік, тон, шалбар.
(на слайде зимняя одежда вылетает поочередно)
Бір оқушы қысқы киім туралы әңгімелейді.
«Қысқы киімдер»
Қыста күн суық болады. Біз жылы киім киеміз. Мен қыста басыма құлақшын, аяғыма етік, қолыма қолғап, үстіме тон киемін.
- Бұл қай жыл мезгілі?
- Бұл жаз.
- Сендер жазғы киім білесіңдер ме?
- Иә, білеміз. Көйлек, туфли, қалпақ, жейде, шалбар.
- Жазда сендер не киесіңдер?
(на слайде летняя одежда вылетает поочередно)
Бір оқушы жазғы киім туралы әңгімелейді.

« Жазғы киімдер»
Жазда күн ыстық болады. Мен жазда басыма қалпақ, аяғыма туфли, үстіме көйлек киемін.

5. Балалар, кәне сергіту сәтті өткізейік.
Қыс келді, алақай!
Аяз соқты, бетімай!
Мен киемін тымақты
Анам берді жылы тонды
Қолға киемін қолғапты
Етікті тартамын аяққа
Мен дайынмын аязға!
Рақмет, балалар отырыңдар!
6. - Балалар, кәне ойнайық! Мен мәтінді оқимын, сендер мәтінді тыңдап, керекті суретті көрсетесіңдер.
Бұл дүкен. Дүкен үлкен, жарық, таза. Дүкенде үш адам бар. Олар: екі қыз және ұл бала. Ұл бала киімге қарап тұр. Қыздар: Жанар мен Әлия киім сатып алды. Жанар көк шалбар сатып алды. Әлия қызыл көйлек сатып алды.
7. - Балалар, ал мынау не? Киім дүкені туралы әңгімелесейік.
- Сәлем Марина!
- Сәлем Настя!
- Сен қайдан келе жатырсың?
- Мен дүкеннен келе жатырмын.
- Сен не сатып алдың?
- Мен көйлек, қалпақ, сатып алдым.
- Қандай көйлек, көрсет.
- Жазғы, әдемі көйлек.
- Көйлегің ұзын ба?
- Жоқ, қысқа.
- Иә, әдемі көйлек.
Қандай қалпақ? Көрсет!
- Міне! Бұл қалпақ әдемі ме?
- Иә, бұл әдемі қалпақ.
Сау бол Марина!
- Сау бол Настя!
- Дұрыс, жарайсыңдар қыздар, отырыңдар.
8. - Балалар, бүгінгі бұл сөздер керек . Мен қазақша айтамын. Сендер қазақ сөзін менен кейін қайталайсыңдар, орыс сөзін көзбен оқисыңдар.
Жаға- воротник
Түйме – пуговица
Қалта – карман
Балалар, мен үш жейде сатып аламын. Бірақ жейдеде түймелер, қалталар, жаға жоқ. Сендер маған көмектесіңдер.
Кәне, ойнайық!
Ойын атауы «Түйме тігу»
( балалар үш топқа бөленеді, оларға жейде, желім, түймелер, жаға, қалта беріледі)
- Мен сендерге жейде, желім, түймелер, жаға, қалта беремін. Маған үш топ керек.
Кім тез, дұрыс тігеді?
(Бір оқушы өлен оқиды.)
« Жейдемде қанша түйме бар?»
Үстімдегі жейдеме
Көз саламын кей- кейде.
Түймелерге қараймын
Қайта- қайта санаймын:
Бес түйме бар өңірде,
Екі түйме – жеңімде
Төс қалтаны түймелер
Қос оған бір түймені
Жапсырылған қиықша
Екі пагон иықта
Апам бұған жаңалдан
Екі түйме қадаған
Қанша болды түймелер?
Жауабын тез кім берер.

- Балалар сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Жейдеде неше түйме бар?
2. Жейдеде неше қалта бар?
3. Жейдеде неше жаға бар?
Бұл жейде әдемі ме?
Иә, бұл жейде әдемі.
9. Көзге арналған жаттығу. (оңға, солға, жоғары, төмен)
10. - Балалар, кәне тәуелдік жалғауларын қайталайық!
- Маған алты оқушы керек. Олар тақтаға шығады.
Ойын « Аралар және гүлдер»
Алты оқушы тақтаға шығады.
Екеу гүлдер, төртеу аралар
Гүлдер- «менің», «сенің»
Аралар - -ім,ым; -ің, ың.
- Аралар өз гүлін табу керек.
-Тақтаға қараңдар, дәптерлеріңді ашыңдар, бүгінгі күнді жазамыз.
Менің : көйлек – көйлегім
тон – тоным
көз – көзім
Сенің: қалпақ – қалпағың
етік – етігің
бас - басың
- Неге? Өйткені жуан\ жіңішке сөз.
- Балалар жалғауларын көрсетіңдер. Дұрыс. Жарайсың.
11. - Балалар тақтаға қараңдар. Сендер мәтіңді оқисыңдар және карточкаларда дұрыс жауаптарыңды көрсетесіңдер.
«Кім не сатып алды?» Шешесі, әкесі, әжесі және Әсел қыз не сатып алды?
Әсел отбасымен дүкенге келді.
Киім дүкенінде өте көп киім бар.
Әжесі жасыл көйлек сатып алды.
Әкесі қара шалбар сатып алды.
Шешесі ақ тон сатып алды.
Әсел әдемі құлақшын сатып алды.
Олар рақмет айтты.
көйлек шалбар тон құлақшын
Шеше
Әке
Әже ˅
Әсел
Кәне тексерейік
12. Қазір Ойын « Қарлы кесек»
Сен бір сөйлем айтшы. Сен бұл сөйлемде бір сөз көсіп көрші.
Бұл көйлек.
Бұл жасыл көйлек.
Бұл әдемі жасыл көйлек.
Бұл ұзын әдемі жасыл көйлек.
13. Балалар, мен сендерге карточкалар беремін, мұнда берілген сөздерден сөйлем құрамдар.
Киім, бұл, дүкені.
Көйлек, жейде, бар, дүкенінде, киім.
Дүкенде, киім, әдемі, көп.
Шалбар, мен, аламын, сатып.
Сен, аласың, сатып, жейде, қызыл.
14. - Балалар, осымен сабағымыз аяқталды.
Бүгінгі сабақта біз не қайталадық?
Тест: а)шаш, бас, құлақ
ә) кітап, дәптер, қалам
б) көк, сары, қызыл
в) көйлек, тон, шалбар
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Иә, ұнады.
-Балалар, тақтаға қараңдар. Сендерде смайликтер бар. Егер сабақ ұнаса, осы смайликті көрсетіп тақтаға іліңдер.
Егер сабақ ұнамаса, осы смайликті көрсетіп тақтаға іліндер.
- Сендердің бағаларың.
Үйге тапсырма: сөзжұмбақты құру
- Бүгінгі сабақ аяқталды. Назарларыңызға көп рақмет. Балалар тұрыңдар. Сау болыңыздар.
Категория: Личный дневник | Просмотров: 3668 | Добавил: sav_804 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Мы "ВКонтакте"

Поиск

Наши планы
Приглашаем Вас ознакомиться
с планами нашего портала

Афоризм дня
Красота поступка состоит прежде всего в том, что его совершают легко и как бы безо всякого напряжения.
/И. Кант/


Реклама

Рейтинг@Mail.ru
"Методсовет" © 2010 - 2024
My-shop.ru - Магазин учебной и деловой литературы