Пятница | 20.12.2024 | 04:15
Методсовет
методический портал учителя
Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Форма входа

Категории раздела
Личный дневник
Портфолио

Поделиться

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Наша кнопка

Методсовет


 Дневник 
Главная » 2017 » Январь » 31 » «Бірлігі мен татулығы жарасқан-Қазақстан»
13:41
«Бірлігі мен татулығы жарасқан-Қазақстан»
Тақырыбы: «Бірлігі мен татулығы жарасқан-Қазақстан»
Авторы:
Жетекшісі: Аменова Мейрамгуль Маратовна
Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі
1курс топ
«Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана
ырысы мен табысы мол болмақ»
Н.Назарбаев
Бейбітшілік. Осы бір асыл сөз қазір бүкіл дүниеге тарап, әрбір ізгі ниетті, адал ойлы адамның жүрегінен құрметті орын алады.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы тәуелсіздікті, азаттықты, бақытты ел болуды аңсады. Жаугершілік заманды басынан өткізіп, бейбітшілік заманды аңсап, бейбіт өмірді қалаған халық екенін көрсетіп, бауырына өзге ұлттың баласын салып, бір үзім нанын бөліп беріп, дастарханын жайған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес.
«Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік» демекші, ел басына күн туған замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі десек, артық айтпағанымыз болар. Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық.
Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы.
Ішкі тұрақтылық пен келісімнің ұлттық бірліктің мызғымастығы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуының негізгі факторы болып табылады.
Отанымыздың басты байлығы-тұрақтылық пен тыныштық.
Сондай-ақ, жетістіктеріміздің бірі еліміздің халықтарының ұлтаралық конфессиялық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
Еліміздің 25 жыл ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, биіктерден көрінуі, Орта Азия мемлекеттерінің ішіндегі өзіндік орны бар мемлекетке айналғанымыздың өзі неге тұрады?
Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің өзі, ел бірлігінің, халық ынтымағының арқасында осындай биіктерге жетіп отыр деп ойлаймын. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында бүгінгі күннің ең басты мәселесі ел бірлігіне баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады»,-демекші
бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет», – деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек.
1995 жылы қабылданған Ата Заңымыз Қазақстан халқын біртұтас мемлекеттің тең құқылы, ерікті азаматтарының саяси қауымдастығы ретінде танып, олардың этникалық, мәдени ерекшеліктеріне қарамастан бір елдің азаматы ретінде сезінуіне, жақындасуына және қоғамдық келісімге әрі бүгінгідей ұлттық бірліктің қалыптасуына жол ашты.
Сондай-ақ, қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық орын алған елімізде өмір сүретін өзге де этникалық топтардың тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай жасалған.
Шығыс пен Батыстың тоғысында орналасқан Қазақстан, тарихи тұрғыда түрлі халықтар мен өркениеттердің дәстүрлері мен құндылықтарын бойына жинақтаған теңдессіз мемлекеттік құрылым ретінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттінің мәліметіне қарасақ, бүгінде республика халқының саны – 17 миллион 733,2 мың адамнан асты, сондай-ақ, елімізде 140 түрлі ұлт бар. Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесi 63,6 пайызды, орыстар – 23,3, өзбектер – 2,9, украиндер – 2, ұйғырлар – 1,4, татарлар – 1,2, немiстер – 1,1, басқа ұлыстар 4,5 пайызды құрады. Сондай-ақ Қазақстанда кейбір ұлттардың аз ғана өкілі өмір сүріп жатыр. Мәселен, олардың қатарына саха, мордва, болгар, ғағауыз сынды ұлттарды жатқызуға болады. Міне, осыншама ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату- тәтті өмір сүріп келеді. Статистика деректері бойынша, 46 діни қауымдастық бар екендігі белгілі. Осылардың арасында ешқандай да келіспеушілік, алауыздық жоқ. Олар Қазақстанды өздерінің Отаны санайды.
Осыдан 21 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы жарлық шығарған болатын. Қазіргі таңда ол 820- этномәдени бірлестіктердің басын біріктірді. 1995 жыл¬дың наурызында құрылған, қазіргі таңда дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату¬лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ас¬самблеясы, бүгінде қоғамдағы келісім мен ынтымақтастықтың басты тетігі болып отыр. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблеяның 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлт¬тық-мәдени бірлестігі бар.
Міне, бүгінде Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына айналды. Қазақ халқына тән қонақжайлықпен, кеңпейілдікпен барша ұлттарды бауырымызға басқан елміз. Сондықтан әлемге татулығы жарасқан үлгілі мемлекетке айналудамыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.
Елбасына күн туған қилы замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған еліміздің ынтымағы мен бірлігі.
Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан этносаралық төзімділік пен келісім, бейбітшілік мәселесі республикада аса зор мәнге ие. Ол елдегі саяси тұрақтылықтың негізі, Елбасының және үкіметтің ерекше қамқорлығындағы мәселе болып табылады. Әлемдегі беделді халықаралық ұйымдар Қазақстандағы үйлесімді этносаралық қатынастардың озық тәжірибесін бақылап, зерттеуде. Бүгінгі қоғамда ұлтаралық қатынастарды дамыту проблемасының нақты әлеуметтік тәжірибесі жайлы теориялар шетелде және отанымызда философия, мәдениеттану, саясаттану, тарих, педагогика ғылымдары саласында, әлеуметтік мәселе ретінде біршама зерттелген.
«Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған Қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды»,- деп президентіміздің өзі атап айтуы біздің зайырлы, тең құқылы, егемен еліміздің татулығының белгісі екендігінің дәлелі.
Халықтардың өзара қарым-қатынас мәдениетінің қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қақтығыс пен жек көрушілікке ұласып кетпеуін алдын алу болып табылады. Қазақстан қоғамының бұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының әрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін жоғары қоюында болып отыр. Ол туралы Қазақстанның Ата заңында басты бағдар берілген.
Конституция – Қазақстан Республикасының Ата Заңы - азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге толыққанды қатысуына және олардың саяси шешімдер қабылдауға ықпал етуіне мүмкіндік беретін қоғам дамуындағы қуатты біріктіруші құжат.
Қазақстанның мемлекеттік ұлттық саясаты қоғамдық келісім конституциялық қағидасына негізделе отырып, жалпы адамзаттық тұжырымдарға сәйкес халықтың біртұтастығын қалыптастыруға бағытталды.
Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды сараптаған адам қазақ жерінде қандайда бір ұлтқа қатысты ксенефобиялық көзқарастың жоқ екенін бірден байқайды. Біздің елімізде әрбір ұлтқа деген қамқорлық шексіз. 18-ге толған азаматтар – тегіне, нәсіліне, ұлтына, тіліне қарамай сайлауға қатыса алады. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей кез–келген ұлт өкілі тең құқылы.
Қазақстанда дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тірлікке дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда. Қазақстанда жүзеге асырылып отырған ішкі саясаттың бір ұтымды тұсы қазақстандықтарды түрлі діни конфессияларға деген толеранттылыққа тәрбиелеумен сабақтас
Көпұлтты өз бойына шоғырлай білген Қазақстанда-мұсылмандардың мешіттері, христиандардың-шіркеулері, католиктердің-костелдері, еврейлердің-синагогасы біздің елімізде болуы бірден-бір дәлел деп білемін. Осыған орай «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы қабылданды.
Қазақ халқы Кеңес Одағы тарапынан аштық пен репрессияның тауқыметін көп тартқан ел. Бірақ біздер КСРО-ның заңды мұрагері Ресейге қарсы ешқандай өшпенділік пиғыл танытпадық. Ал басқа елдерде мұндай жағдай керісінше сипат алғанын көзіміз көрді. Іргеміздегі Ресейдің өзі әлі күнге дейін Кавказ бен Орталық Азияның кейбір халықтарына қатысты жағымсыз көзқарастан арыла алмай отыр.Өркениеттің шыңына шықты деген Еуропаның өзінде Ислам дініне қатысты қайшылықты көзқарастар туындап, үлкен мәселеге айналып отырғаны жасырын емес.
Бүгінгі күні Қазақстан Шығыс пен Батыстың арасын жалғайтын «көпір» ретінде бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін ашық талқылаудың қолайлы алаңына айналып отыр. Мәдениеттер арасындағы үнқатысу арқылы толеранттылықты қалыптастыру ісі қазіргі заманғы маңызды өлшемдердің бірі ретінде қарастырылуда. Мемлекеттік, мәдени және білім беру салаларын қамтитын мультимәдениетті әлемдік қоғамдастықтың біртіндеп дамуы да толеранттылық мәселесінің маңызын арттыра түсуде.
Қазақстан – Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең-байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік мұндай білім ошақтарының барлық шығындарын көтеріп отырғаны белгілі. Осыдан-ақ еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге болады. Сондай-ақ, мұндай мектептер өзге ұлт өкілдері жастарының қазақ тілін оқып-үйренуіне негіз болып отыр. Бұдан басқа ел аумағында 13 тілде түрлі радиохабарлар, 11 тілде газет-журналдар тарайтыны белгілі. Бұны үлкен жетістік деп айтуымызға қақымыз бар.
Ел иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты. Өзінің тоз-тозы шыққанына қарамастан, басқаның қайғысына да ортақтығын танытты. Кеңестік жүйе қыспағымен қазақ даласын паналаған бөтен жұрт осында мәңгілік тұрақтап қалды. Тәуелсіздік тұсында да қырық жамаудай болған ұлттық құрамдағы осы ерекшелікті негізге алғандар «жаңадан пайда болуы ықтимал үлкен қақтығыстар алаңы» ретінде қазақ даласын меңзеген еді. Алайда, қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай, жаңа мемлекеттің барша азаматының ұйысуына себепші болды.
2015 жылы Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толу мерекесіне орай эмблема жасалынып, осының негізінде 2015 ж. 23 қаңтарда № 994 қаулымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі тағайындалды. Ол медальмен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел адзаматтары марапатталады.
Барша ұлттардың азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтарын қорғауға байланысты жүзеге асырылатын шаралар халықаралық стандарттарға сай және осы орайда өзге мемлекеттерге үлгі бола алатынын айта кеткен жөн. Өзара сыйластық пен төзімділікке, бейбітшілік пен келісімге негізделген қоғамдық қатынастар әлем сахнасында Қазақстанның шынайы имиджін қалыптастыруға игі ықпал жасауда деп толық айта аламыз.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің маңызды факторына толеранттық немесе төзімділік феномені жатады. Толеранттылық ұғымының мәні тереңде жатыр. Толеранттық ұғымы Антика дәуірінде бастау алған. «Толеранттылық» сөзі ең алғаш рет 1361 жылы ұғым ретінде пайда болған» деп, ХҮІІ ғ. француз филологы, педагогы Пьер Ларусстың энциклопедиялық сөздігінде жазылған.
«Толерантный» («толеранттылы»), «толерантность» («толеранттылық») сөзі латын тілінен француз тіліне, кейін еуропа тілдеріне енген. Сөздің мәні «рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің ұстанымдарыма жат болса да, қабылдаймын» дегенді білдіреді. Педагогика ғылымында толеранттылық - төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деген мағына береді .
1995 ж. ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бекіткен «Толеранттықтың принциптері Декларациясында» толерантты- лық былай қарастырылады: 1) әлемнің бай мәдениеттерін, өзін-өзі көрсетуін, жеке адамның қасиеттерінің көрініс табуын дұрыс түсініп, қабылдап, құрметтеу; 2) наным-сенімдерден, ақиқатты шексіздендіруден бас тарту және халықаралық құқықтық акті - лерде бекітілген адам құқы саласындағы ережелерді бекіту. Қазақ түсінігіндегі «қонақжайлық» ұғымы осы толеранттық ұғымымен мағыналас келеді.
Толеранттық деген сөзге қоғамдық өмірге байланысты жалпылама мынандай түсінік қалыптастыруға болады: Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. Жалпы толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Бұл – халықтың сана- сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен жайып тамырлануына негіз қаланады. Мемлекет құраушы халық ретінде қазақ халқы елдегі этносаралық бірлік пен келісімнің сақталуына қалай жауапты болса, басқа этностар да мемлекеттің алдында өз жауапкершілігін соншалықты сезінуі қажет деген қорытындыға келеміз.
Біздің жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Ел. Бұл идеяны өміршең ететін – елдің бірлігі. Бірлік болмаған, ауызбіршілік қашқан, алауыздық болған жерде береке болмайды. Сол себепті Елбасы Жолдауында айтқандай, біздің кейінгі ұрпаққа аманат етер ең басты байлығымыз – ел бірлігі болуы керек. Қазақстан халқының бірлігі, мемлекеттік тіл, барша азаматтардың теңдігі және олардың Отанымыз алдындағы жауапкершілігі Қазақстанның ХХІ ғасырдағы қарышты дамуын қамтамасыз ететін темірқазыққа айналуы қажет.
Қорыта келгенде, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Тәуелсіздік тұғырын әрқашан биік ұстайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз одан әрі жарассын! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Бірлігімізді ардақтай білейік!!!

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Ой бөлістім халқыммен /Н.Назарбаев. – Алматы: Мектеп, 2006. – 248 б.
2. Назарбаев Н. Қазақстан халқының азаматтық таңдауы – тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар. Қазақстан халықтары Ассамблеясының ІҮ сессиясындағы баяндама /Н.Назарбаев. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 70 б.
3. Ұлтаралық келісім – Қазақстан Республикасының индустриалды- экономикалық қарқынды дамуының кепілі. Аймақтық ғылыми- практикалық конференция материалдары. 23 сәуір 2012 ж. – Тараз: Тараз университеті. – 2012.
4. Жумагулова Ш.Б. Бірлігіміз жарасқан / Ш.Б.Жумагулова //Мектептегі кітапхана. – 2014. - № 6. – 34-б.

Көп ұлттың құт дарыған мекеніміз,
Достық күйін мақтаныш етеміз біз.
Бейбітшілік бүгінгі ұрпағымыз,
Мүдделі мұраттарға жетеміз біз,-демекші.
Просмотров: 2355 | Добавил: asema83 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Мы "ВКонтакте"

Поиск

Наши планы
Приглашаем Вас ознакомиться
с планами нашего портала

Афоризм дня
Сначала надо ввязаться в серьезный бой, а там уже видно будет.
/Наполеон I/


Реклама

Рейтинг@Mail.ru
"Методсовет" © 2010 - 2024
My-shop.ru - Магазин учебной и деловой литературы